
Jibek Joly TV
«JIBEK JOLY» - 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап ҚР Президенті Телерадиокешенінің құрамына кіретін «Qazaq TV» спутниктік телеарнасының жаңа атауы. «QazaqTV» арнасы 2002 жылдың 25 қазанында Caspionet атауымен хабар тарата бастады.
Соңғы жылдары тек шетелдік аудиторияға таратылды. Ал енді «JIBEK JOLY» телеарнасы брендімен Қазақстандық нарыққа қайта оралуда. «JIBEK JOLY» телеарнасы тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады.
Телеарна сигналы Қазақстанның барлық аумағында цифрлық эфирлік, спутниктік және кабельдік теледидарда, сондай-ақ арнаның ресми сайтында онлайн-трансляцияда қолжетімді.
Ескі имиджді ілгерілету "Jibek Joly World"брендімен жалғасады. Қазақстаннан тыс жерлерде хабар тарату, бұрынғыдай, әлемнің 120 елінде қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз және өзбек тілдерінде көп арналы форматта жүргізілетін болады.